"Туған өлкенің мұрасы АІ көзімен" байқауының ережесі » Туған өлке мұралары
Бұқар жырау ауданының тарихына
виртуалды саяхат
» » "Туған өлкенің мұрасы АІ көзімен" байқауының ережесі
01
сәуір
2026

"Туған өлкенің мұрасы АІ көзімен" байқауының ережесі

"Туған өлкенің мұрасы АІ көзімен" байқауының ережесі
І. Жалпы ережелер

І.1. «Туған өлке мұрасы аудандық байқауы – жас ұрпақтың тарихи санасын жаңғыртуға, туған жердің рухани құндылықтарын дәріптеуге және заманауи технологияларды тиімді қолдануға бағытталған шығармашылық алаң болып табылады.
Байқау аудандық білім бөлімі мен әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылады.


ІІ. Мақсаты мен міндеттері

ІІ.1. Байқаудың мақсаты: Жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, туған өлкенің шежірелі тарихын, ұлы тұлғаларын, көне аңыздарын және жер-су атауларының сырын кеңінен насихаттауда ұлттық құндылықтарды жаңа көзқараспен таныту.

ІІ.2. Міндеттері:
• білім алушылар мен педагогтердің шығармашылық ойлау қабілетін және цифрлық сауаттылығын дамыту;
• туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасына деген құрмет пен қызығушылықты арттыру;
• жасанды интеллект құралдарын білім беру кеңістігіне енгізу арқылы инновациялық тәжірибені қалыптастыру;
• өлкетану бағытындағы үздік идеялар мен жобаларды анықтап, оларды көпшілікке тарату;
• тарихи деректер мен аңыздарды заманауи форматта қайта жаңғырту.

ІІІ. Байқау қатысушылары

ІІІ.1. Байқау аудан көлеміндегі барлық білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушылары арасында өткізіледі. Байқауға қатысу ерікті болып табылады. Үміткерлердің шығармашылық, зерттеушілік, цифрлық құзыреттерін дамытуға мүмкіндік береді.


ІV.Байқауды ұйымдастыру және өткізу

ІV.1 Байқау 2026 жылдың 20 мамырда өткізіледі.
Байқау материалдары 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін (30 сәуірді қоса алғанда) қабылданады. Байқау материалдары электронды форматта ұйымдастыру алқасына жолданады.

Байқау туған өлкенің рухани және тарихи болмысын ашатын келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

1. «Ұлы тұлғалар ізімен»
– туған өлкеден шыққан тарихи тұлғалардың өмірі мен еңбегін, ел тарихындағы орнын заманауи форматта көрсету.

2. «Көне аңыздар сыры»
– халық жадында сақталған аңыздар мен тарихи хикаяларды көркем әрі танымдық тұрғыда бейнелеу.

3. «Жер-су атауларының тарихы»
– туған өлкенің топонимдік ерекшеліктерін, атаулардың шығу тарихын және олардың мән-мағынасын ашу.

V. Байқау талаптары мен критерийлері
V. 1. Байқау аясында қатысушылар жасанды интеллект (AI) технологияларын пайдалану арқылы туған өлкенің тарихын жаңа форматта ұсынады. Бұл – дәстүр мен цифрлық өркениетті ұштастыратын тың бағыт.

V. 2. Байқауға ұсынылатын жұмыстар – бұрын еш жерде жарияланбаған, өзіндік идеяға негізделген, авторлық жаңа жобалар болуы тиіс.

V. 3. Жалпы талаптар:
• Бейнеролик толықтай жасанды интеллект құралдарының көмегімен әзірленуі тиіс;
• Жоба авторлық сипатта, бұрын жарияланбаған болуы қажет;
• Жұмыс мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) орындалуы міндетті;
• Мазмұны тарихи – өлкетану. Шынайылық пен көркемдік үйлесімге негізделуі тиіс.





V. 4.Бейнероликке қойылатын талаптар:
• Ұзақтығы: 1 минут 30 секундтан аспауы тиіс
• Форматы: MP4
• Көлемі: 200 Мб-тан аспауы тиіс
• Сапасы: кемінде Full HD

Мазмұндық талаптар:
• Бейнеролик 20 сценарийлік блокқа құрылуы тиіс;
• Әр блок логикалық тұрғыдан байланысқан, қысқа әрі мазмұнды болуы қажет;
• Көркемдік, тарихи және цифрлық элементтердің үйлесімі сақталуы тиіс.

Титулдық бетте көрсетіледі:
• Байқау атауы
• Жұмыс тақырыбы
• Автордың аты-жөні
• Білім беру ұйымы
• Жұмыстың орындалған жылы

V. 5. Арнайы критерийлер:
• Жоба барысында қолданылған жасанды интеллект құралдары нақты көрсетілуі тиіс;
• Қолданылған аңыз, тарихи дерек немесе мәліметке электронды сілтеме (дереккөз) берілуі қажет;
• Бейнероликте көрсетілген тарихи нысанның немесе жердің нақты орналасқан жері:
• 2GIS платформасы арқылы локация (сілтеме) түрінде ұсынылуы тиіс;
• Жоба мазмұны ұлттық құндылықтар мен тарихи танымға негізделуі қажет.

VI. Бағалау өлшемдері

Байқау жұмыстары келесі критерийлер бойынша бағаланады:
5.3. Арнайы критерийлер:
• Жоба барысында қолданылған жасанды интеллект құралдары нақты көрсетілуі тиіс;
• Қолданылған аңыз, тарихи дерек немесе мәліметке электронды сілтеме (дереккөз) берілуі қажет;
• Бейнероликте көрсетілген тарихи нысанның немесе жердің нақты орналасқан жері:
• 2GIS платформасы арқылы локация (сілтеме) түрінде ұсынылуы тиіс;
• Жоба мазмұны ұлттық құндылықтар мен тарихи танымға негізделуі қажет.

VIІ. Бағалау өлшемдері

Байқау жұмыстары келесі критерийлер бойынша бағаланады:
• шығармашылық жаңашылдығы мен идеяның ерекшелігі;
• тақырыптың мазмұндық тереңдігі мен толық ашылуы;
• тарихи деректердің нақтылығы мен сенімділігі;
• жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану деңгейі;
• сценарий құрылымының талапқа сай болуы (20 блок);
• техникалық сапасы мен көркемдік безендірілуі;
• креативтілігі мен көрерменге әсері;
• белгіленген уақыт регламентін сақтау.


VIIІ. Қорытындылау және марапаттау

VIIІ 1. Байқау қорытындысы бойынша әр номинацияда:
• І орын
• ІІ орын
• ІІІ орын жеңімпаздары анықталады.
VIIІ.2. Барлық қатысушыларға электронды сертификаттар табысталады.
VIIІ 3. Жеңімпаздар дипломдармен және қаржылай сыйақылармен марапатталады.

VIIIІ. Ұйымдастыру алқасы

Байқауды ұйымдастыру және өткізу жұмыстары аудандық білім бөлімі мен әдістемелік кабинетінің ұйымдастыру алқасы арқылы жүзеге асырылады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Дауыс береміз
Сайтымызды бағалаңыз
Мекен жайымыз
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Бұқар жырау көшесі 56А.

©2026, Бұқар жырау ауданы білім бөлімі
Барлық құқық қорғалған. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru